• 24 ноября, 2024 5:35 пп

Қаржыға деген сауатты көзқарасты қалыптастырамыз

Автор:admin

Апр 19, 2024

Қаржылық сауаттылығы төмен адам, әдетте, ақшаның кепіліне айналады және келесі үлгілердің бірімен әрекет етеді: тапқан ақшасын түгелдей жұмсаумен, қаржылық қауіпсіздік жастығын жинамайды, тапқан табысынан артық ақша жұмсаумен, қарызға батып отырады, болашағына алаңдаумен, ақша жұмсауға қорқады, осылайша барлық жағдайларда тартынып отырады, бос қаражаттан пайда табу үшін банкілік немесе ивестициялық аспаптарды қолданбайды, перспективалық ой толғамайды және зейнетке шыққаннан кейінгі өмірге арнап қор жинамайды, табысын арттыру мүмкіндігін іздестірмейді, экономикалық жүйені өзінің қиыншылықтары үшін кінәлау арқылы теріс ойлайды. Әлбетте, бұл сценарийлердің толық тізімі емес және сіз айналаңыздан осындай қаржыға деген қате көзқарастың әлі көптеген мысалдарын табасыз. Өзгелердің қателерінен сабақ алып және өзіңіздің қалыптасқан әдеттеріңізді бақылап отырыңыз: ақшаға тәуелділіктен, негізсіз қорқыныштардан, ойланбастан ақша жұмсау әдетінен құтылыңыз. Барынша тиімді стратегия – ақшаға деген тұтынушылық көзқарасты басқарушылық іс-қимылдың анағұрлым сауатты үлгісімен алмастыру. Қаржылық сауаттылықты арттырудың бірнеше жолдары бар. Мәселен әрбір адам қаржылық жағынан аналитикалық ойлану әдістемесін іске қосуы тиіс. Сонда ғана қаржыға деген көзқарасты дұрыстап, оның орынды жұмсалуына себеп болады. Сауатты ойлану арқылы қаржыны нарық шеңберінде біртіндеп қалыптастыруғада болатындығын ұмытпауымыз тиіс. Қазақстан Республикасының тұрғындары қаржыны басқарудың тетіктерін өте жақсы меңгеруі үшін азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты осы жылдан бастап декларация мәселелерін де біртіндеп қарастырып, қаржының орынды жұмсалуына мемлекеттік бағдарламаларды біртіндеп қатыстыруда.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin