Халықтың қаржылық сауаттылығы ел экономикасына тікелей әсер етеді. Өйткені қаржылық жағынан сауатты адам алған несиесін міндетті түрде қайтарады және салық төлеуден қашпайды. Мақсат Халықтың сөзінше, азаматтардың бұл міндеттерден қашуы банктердегі несие пайызының жоғары болуына әкеліп соғады деген ол: «Мәселен, біздегі банктердің несиелік пайызы неліктен жоғары, ал дамыған мемлекеттерде неге төмен?» деген сұрақ көп қойылады. Оның екі себебі бар. Біріншісі – біз дамушы ел болғандықтан, инфляцияның жоғары болуы. Ақша құнсызданып жатқан тұста банктер де несиені төмен пайызбен бере алмайды. Қазір инфляциялық таргеттеу саясатын жүзеге асырып жатыр. 2025 жылға қарай инфляцияны 3-4%-дың шегіне жеткіземіз деп отыр. Ол кезде белгілі бір дәрежеде пайыздар да түсуі мүмкін. Базалық пайыздық мөлшерлеме 5%-ға дейін түссе, онда ипотекалық несиелер 7%-бен кез келген банкте қолжетімді болады. Халықтың қаржылық сауаттылығының төмен болу себебінен де пайыздар жоғары деп айтуға болады. Банктерде жасалған статистика бойынша, әрбір үш адамның біреуі несиесін қайтармайды екен. Сондықтан олар қайтаратын екі адамның, яғни өзінің тәуекелдерін несиесін қайтаратын адамның мойнына іліп қояды. Пайыздың жоғары болуының бір себебі – осы». «Алған несиені қайтармай қою да — қаржылық сауатсыздықтың белгісі. Ал қайтпай қалған несиелердің көптігі алдағы уақытта пайыздың артуына әкеледі. Қаржылық сауатты адам несие алар кезде өз мүмкіндіктеріне қарап, қарызын өтеуге тырысады. Сондықтан қаржылық сауатты болу да экономикаға оң әсерін тигізеді. Екіншісі – салық төлеу. Еуропа елдерінде «менің дауысым – менің салығым» деген ұғым бар. Олар президентіне дауыс беруге және салық төлуге адал болады. Ал бізде салық төлеуден жалтаратындар саны көп, әсіресе кәсіпкерлердің арасында баршылық», — деп атап өтті ол.
Jsk ақпараттық орталығы