Қазақстандық заңнамаға мүмкіндігі шектеулі азаматтар (МША) үшін қаржылық қолжетімділіктің өсуін тежейтін кедергілерді анықтау тұрғысынан бағалау және талдау жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен (ҚҚҚ) бірлесіп, қаржы ұйымдары үшін қаржылық қызметтер көрсету және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша, сонымен қоса ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленген. Оның мақсаты – МША үшін қаржылық қызметтер мен өнімдерге қол жеткізу бойынша тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, МША үшін қаржылық қолжетімділіктегі айырмашылықты жою және қаржылық қызметтер мен өнімдерді алу кезінде туындайтын проблемаларды шешу. Қазір осы әдістемелік ұсынымдар бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы жоғарыда атап өткеніміздей, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Дегенмен қаржылық сауатты арттырумен қоса, ел азаматтарының табысын көбейту мәселесі қолға алынғаны жөн. Осы орайда, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мен теңсіздікті жою мәселесін қозғап, тапсырма берді. Өз сөзінде экономист азаматтардың табысын арттыру керегін тілге тиек етті. Ол халықтың бүгінгі табысына сараптама жасап, өз ұсыныстарын жеткізді. «Қазір жаңа экономикалық саясатқа байланысты нақты жоспар қабылданып жатыр, сол жерде президенттің нақты тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Халықтың табысын арттыру» деген бағыт бар. Менің ойымша, осының аясында халықтың табысы артады. Оған қатысты өзімнің де ұсыныстарым бар. Бірінші кезекте, ең төменгі күнкөріс шегін көтеруіміз керек, қазір бұл — 36 мың теңге. 36 мыңнан төмен табыс табатын азаматтарды біз әлеуметтік жағынан осал топтар қатарына енгіздік, оларға арнаулы әлеуметтік төлемдер төленіп жатыр. Бірақ бұл әлемдік стандарттардан әлдеқайда қалыс қалғанын, бұл қаржы бір ай өмір сүруге де жеткіліксіз екенін бәріміз білеміз. Сондықтан оны көбейтуіміз керек. Дүниежүзілік банктің мәліметіндегі әлемдік стандартта күніне 5,5 доллар деп тұр. Оны теңгеге ауыстыратын болсақ, ол шамамен 70 мың теңге. Демек біздегі ең төменгі күнкөріс шегі 70 мың теңге болуы керек. Одан төмен табыс табатын азаматтарды әлеуметтік осал топтарға жатқызып, арнаулы төлемдер төленуі керек».
Jsk ақпараттық орталығы