• 24 ноября, 2024 2:59 пп

Жеке және отбасылық бюджетті бақылау

Автор:admin

Апр 20, 2024

Қаржылық сауаттылық дегеніміз – бүгінгі заманауи әрбір адам меңгеруі тиіс ақшаны ақылмен басқаруға көмектесетін базалық білімнің принциптері. Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін бес ереже бар: Табысты көбейтіп, шығынды азайту; Әрдайым қымбаттап тұратын өнім сатып алу; Жеке және отбасылық бюджетті бақылау; Ең алдымен, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру; Пассивті табыс көздерін табу. Ақшаны тапқаныңыздан азырақ жұмсаңыз.  Бұл – біздің өміріміздің қарапайым математикасы. Шығысыңыз кірістен көп болса, минусқа кетесіз. Ал, керісінше, кіріс молырақ болса, оң нәтижеге қол жеткізесіз. Өз қалауыңызды шектей білу және ақшаны үнемдеу – қаржылық еркіндікке қол жеткізудің негізгі дағдысы. Ай сайын кірістің кем дегенде 10%-ын кейінге қалдыру ережесін сақтаңыз. Ал қалған 90%-ы өмір сүруге әбден жеткілікті. Яғни, кіріс пен шығысты бақылап отыру үшін бюджеттік бір файл жүргізіңіз. Ол үшін кез-келген компьютерлік немесе телефонға орнатылған бағдарламаларды қолдануға болады. Мысалы: Word, Excel, NoteBook және тағы басқалары. Бұл файлды дұрыс жүргізу үшін кіріс пен шығысқа арналған кестелер құру керек. Кіріс бөліміне тұрақты жұмыстан түсетін жалақы, қосымша табыс сияқты пункттерді жазасыз. Ал шығыс бөліміне ай сайын тұрақты түрде жұмсалатын ақшалар тізімін жазып қойыңыз. Мысалы, жалдамалы үйдің ақысы, несие, азық-түлік, киім, қыдыру және тағы да басқалары.  Осы екі кестені толтырып, қарап отыру арқылы ақшаны анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік туады. Себебі әр жазған сайын санаңызда белгілі бір жүйе қалыптасып, ақша жұмсар алдында ойланатын боласыз. 3. Қаржылық мақсат қойыңыз Бұл ереже қаржылық сауаттылыққа ғана емес, жалпы өмірге де байланысты. Яғни, сізде қаржылық мақсат болуы керек. Ол «ақша маған не үшін қажет?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Айталық, ақша тек бір мақсатта ғана жұмсалмайды. Түрлі қажеттіліктер бар: баланың оқуы, күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек, көлік немесе үй алу және тағы басқалары. Сондықтан ақша сізге не үшін қажет екенін тізбектеп жазып шығу керек. Кейін сол мақсаттарыңызды қанағаттандыру жолында нақты қадамдар жасаңыз: ақша жинау, депозитке салу.  Ақша жинауда белгілі бір мақсат болмаса, өнімді қаражаттың басы құралмайды.  Сондай-ақ, қазірден бастап балаларыңызға жеке шот ашып, ай сайын ақша салып отыруға болады. Егер тұрақты түрде жалғастырсаңыз, олардың болашағына зор инвестиция құя аласыз.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin