• 24 ноября, 2024 11:24 дп

Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады.

Автор:admin

Апр 22, 2024

Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады. «Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиелеуден қандай айырмашылығы бар ? Біріншіден, инвестор өз қаржысын акцияға сала алады. Қаржылық кеңестер беру арқылы жаңадан ашылған кәсіпорындардың жұмысын алға бастыруға көмектеседі. Екіншіден, банктер сияқты тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді. Венчурлық капитал беруші сәтсіздіктер орын алса, акционері ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптестікте жұмыс жасайды. Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, ол компаниямен бірлесе жаңа қаржы көздерін іздейді. Сосын жоғары технологиялы компания венчурлық капиталды тарту, ғылыми сыйымды өнім шығару, жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қор биржасында сатылып, пайда әкелуі сияқты даму кезеңінен өтеді». Жақында венчурлық капитал мен тікелей инвестициялардың қазақстандық қауымы құрылған болатын. Бұл қауымдастықтың құрылу мақсаты-ҚР венчурлық қаржыландыруды дамытуға көмектесу, венчурлық бизнестің дамуы үшін оңтайлы жағдайлаар жасау, венчурлық қаржыландыру тетіктерін жасап шығару, отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен венчурлық қаржыландырудың жүйесін қалыптастыру. Бізде венчурлық бизнестің дами алмау себебі венчурлық қорлар мен ғалымдар  арасын байланыстыратын мықты мамандардың болмауы. Әйтпесе венчурлық бизнес біздің мемлекет үшін өте қажет. Венчурлық бизнес бұл жаңа жобалар мен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Сондықтан бизнестің бұл түрі Қазақстан үшін өте тиімді. Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Қазіргі заманның дамығаны сонша, шекараны өшіріп, арақашықтықты жақындатып, қазіргі заманның коммуникация құралдарының мүмкіндігін арттыруда. Қазақстандық алдында нарық субьектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми ізденістерді қажет ететін технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған жағдайлар тудыру міндеті де тұр.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin