• 19 сентября, 2024 11:48 пп

Жемқорлық – қоғамның және мемлекетіміздің дерті

Автор:admin

Май 4, 2024

Қазақстан Республикасы Ата Заңында еліміздің зиялы, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық нормаларды ұстанатындығы айқын көрсетіліп, республиканың дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы, бөлінбес бөлігі екендігі жария етілген.  Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға қатысты проблемалардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үдетіп, оны болдыртпау шараларын үздіксіз атқарып келеді. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғауға, ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мәселелердің жүйелі орындалуына және оған қарсы күрес жүргізу – құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің заман талабына сай, нәтижелі еңбектерінің арқасында орындалады деп сенім артылуда. Қол жеткен табысқа тоқмейілсімей, талапты күшейте отырып, осы бағыттағы жүйелі талапты күшейте отырып, осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды белсенділікпен жалғастыру – қазіргі таңдағы аса жауапты міндет. Қазіргі таңда еліміздің өркениеттер мемлекеттер қатарынан өзінің лайықты орын алуға ұмтылып отырғанда азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау – мемлекетімізді нығайтудың маңызды мәселесіне айналып отыр. Әлеуметтік құбылысқа айналған қылмысқа тосқауыл қою бағытында атқарылар жұмыстардың ірілі-ұсақтығы жоқ екенінөзі де айқындады. Бұл ретте қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің маңызы жоғары. Сыбайлас жемқорлық негізінен, көзге көріне бермейтін қылмыс. Сондықтан да оның ізіне түсіп, қолға ұстап алу қиын. Ол табиғатында құпия түрінде жүзеге асырылатын жымысқы қылмыстар қатарына жатады. Ұстала қалған күннің өзінде сан алуан түлкі бұлтаңға салып, жазадан сытылып кетудің, сан түрлі айлаларын іздейді. Бірақ не нәрсенің де шегі бар, қанша жерден құтылып кетуге тырысса да жұртшылық алдында бетпердесі ашылады. Бұл арада БАҚ арқылы беріліп жататын қылмысты хроникалар, жемқорлық тақырыбындағы түрлі жанрлы хабарлар, мерзімді басылымдардағы әшкерелеу мақалаларын ресми семинарлар мен басқа да басқосуларда осы мәселелер төңірегінде ой бөлісу-саяси ерік-жігерді арттыра түседі. Бірақ бұл арада “жемқорлық – қоғамдық дерт, онымен баршамыз аяусыз күрес жүргізуіміз қажет” – деген сияқты үндеулерден гөрі сыбайлас жемқорлық нақты адамдарға қандай нақты кеспатын, зиянын тигізеді деген сұрақтарға жауап іздеген әлдеқайда ұтымды болмақ.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin