• 20 сентября, 2024 2:56 дп

ТЕМЕКІ – АДАМЗАТ ҚАСІРЕТІ

Автор:admin

Май 7, 2024

Шымкент қаласы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауларын негізге ала отырып, қала тұрғындары үшін темекінің зияндығы жайында жыл сайын ақпараттық түсіндірме жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үздіксіз жүргізіп келеді. Темекенің ұлт болашағы үшін қауіпті әрі денсаулығына зиян екендігі баршамызға мәлім. Осы бағытта шаһар тұрғындарының темекені тұтынуға бағытталған қаржыларын қайырымдылық мақсатта жұмсауға шақырып үндейміз. Себебі  бүгінде қазақ ұлтының денсаулығын барынша тұншықтырып отырған бір дерт бар. Ол – никотинге тәуелділік. Бұл осы күнгі ғана емес, келешек ұрпағымыз үшін де қауіпті қатер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне жүгінсек, жер шарындағы халықтың 18 пайызы яғни, бір миллиард адам темекіге тәуелді. Ал, жылына бес жарым миллионға жуық адам темекі зардабынан туындаған аурулардан өмірін қияды екен. Жарнама мамандарының пікірінше, 30-50 жылдан астам уақыт аралығында түсірген фильмдердегі темекінің жарнамалауынан күні бүгінге дейін шылым өндірісі пайдаға кенеліп жатқан көрінеді. ДДСҰ мамандары жаһандағы барлық мемлекеттерге темекінің заң жүзінде жарнамалауға қатаң тыйым салуға ұсыныс білдіруде. Халықаралық ұйым өкілдері жасаған зерттеулері балалар темекі тартуды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым никотиннен бас тарту қиынға түсетінін дәлелдеген. ДДСҰ мамандары дүние жүзі адамдарының небары 5 пайызы ғана шылымды әспеттейтін жарнамалық дүниелерден аулақ екендігін айтады. Ал қалған 95 пайыз бөлігі шылым өнімдерін үгіттейтін жарнамаларды күндіз-түні көреді екен. Егер, нақты шара қолданбай, осы сарынмен жалғаса берсе, ғасыр соңына дейін 1 миллиард пенденің ажалы темекіден болатыны анық. Пайдасын темекі өнімдерінен көріп жүрген өндіріс орындар нарық аясын кеңейтуге, демек, азаматтарымыздың жаппай темекі тартуына мүдделі. ДДСҰ мамандарының айтуынша темекі өнімінің жарнамалары толық тоқтатылса, темекі тартатындар саны 16 пайызы төмендейтінін анықтаған. Қазіргі таңда барша ғалам жұртшылығы осы әлеуметтік қауіпті әдетке қарсы күресуде. Әлемдік тәжірибеге сай бұл індетке қарсы күрес алдын алу мен экономикалық шараларды қолдану тәсілдері арқылы жүзеге асады. Алдын алу әдістерінің бірі – темекінің қорабына өнімнің зиянды екені жазылатын ескертулер. Австралияда темекі қорабтарында өндірушінің фирмалық логотипі көрсетілмеген керісінше темекі тартушылар арасында таралатын аурулардың зардабы туралы жағымсыз суреттер берілген. Қазірдің өзінде Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Жаңа Зеландия мен Норвегия сияқты елдер де нарыққа осындай өнімді енгізуді көздеп отыр. Еуропа елдері 2025 жылға дейін Еуроодақ темекіні саудадан мүлдем алып тастауды нысанаға алып отыр. Ресейде мектеп пен колледждерде темекі тартқан мұғалімдерге қомақты айыппұл салынады екен. Батыстың көптеген елдерінде қоғамдық орындарда шылым шегуге заң жүзінде тыйым берілген. Францияда осындай заң күшіне енгеннен кейін, кафе мен мейрамханалардың табыстары 10-15 пайызға кеміп, жүрек, қан тамырлары ауруынан өмірмен қош айтысатындар саны 15 пайызға азайыпты. Ал, Қазақстан темекі індетімен қалай күресуде? 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қорап сыртындағы «Шылым шегу сіздің денсаулығыңызға зиянды», «темекі шекпейтіндердің өмірі ұзақ болады» деген жазулардың көлемі 30 пайызға ұлғайтылды. Бұл халықаралық темекіге қарсы күрес жөніндегі конвенциясымен келісім жасағаннан соң жеткен өзгеріс. ҚР Үкіметі темекі бұйымының қорабына шайырлы заттардың, никотиннің құрамы, олардың деңгейі және жүйелік улар, канцерогендік әрі мутагендік заттар туралы мәліметтер мен темекі шегудің зияны туралы ескертуді орналастыру ережелерін бекітті. Қорап сыртындағы жазулар көлемі 40 пайызға артты. Бұл ескерту темекіге тәуелді азаматтарымыздың көзіне ілге қояр ме екен.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin