• 31 января, 2025 12:08 пп

Полиция еліміздің тыныштығын қорғайтын орган!

Автор:admin

Май 7, 2024

Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қорғау, түрлі заңбұзушылықтарға тосқауыл қойып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен.  «Мемлекеттің тұрақтылығын және қоғамның береке-бірлігін сақтау – басты міндет. Осындай сәтте полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне, отаншылдық рухына, қажыр-қайратына көп нәрсе байланысты. Мұны ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері жете түсінеді деп ойлаймын», – деп айтқан болатын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауларының бірінде. Расында бүгінде Шымкент қаласының полициясы да шаһарымыздың тұрақтылығы мен азаматтарының қауіпсіздігін нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Мемлекет пен халықтың мүддесін қорғау жолында ерлікпен құрбан болған қаһармандардың есімі ел есінде. Ерлікпен әспеттелген осынау елжандылық рух біздің өз полициямызға деген құрметімізді еселей түседі. Осыдан 32 жыл бұрын 1992 жылдың 23 маусымы күні «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары» туралы тұңғыш Заңы қабылданды. Сөйтіп, 70 жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеден осы заманғы демократиялық зиялы саяси жүйеге, нарықтық экономикаға көшуді бастаған жаңа егемен елдің ішкі істер органдары қызметінің құқықтық, заңдық негізі қаланды.  Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қорғау, түрлі заңбұзушылықтарға тосқауыл қойып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Олар қызмет барысында қауіп-қатерлермен де бетпе-бет келеді. Мемлекет пен халықтың мүддесін қорғау жолында ерлікпен құрбан болған қаһармандардың есімі ел есінде. Ерлікпен әспеттелген осынау елжандылық рух біздің өз полициямызға деген құрметімізді еселей түседі. 32 жыл ішінде ішкі істер органдарында көптеген қайта құрулар, құрылымдық өзгерістер болды. Осы мерзім ішінде жедел және тергеу қызметтерінің басын біріктірген Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, жұмыс істеді. Милиция атауы полиция болып өзгертілді. Еліміздің ішкі істер органдары өтпелі кезеңнен осындай құрылымдық және басқа да қиындықтарынан өтіп, бүгінгі күні құқық қорғау жүйесінде өзінің лайықты жетекші орнын алды деп сеніммен айтуға болады. Бүгінгі күні еліміздің құқық қорғау жүйесінде ішкі істер органдарының ролі айырықша маңызды. Құқық тәртібін қамтамасыз етудің ауыртпалығы полиция қызметкерлерінің үлесіне тиеді. Бүгінгі күні, полиция қызметкерлеріне, жалпы қылмыстармен қатар, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес, азаматарды құжаттандыру, жалпы қылмыс атаулыға тосқауыл қою профилактикасы, есірткі бизнесімен, ұйымдасқан қылмыспен, экстремизммен күресу міндеті қойылған.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin