«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Шымкент қаласының фракция мүшелері, қоғамдық кеңес төрағалары, партия ардагерлері және бастауыш партия ұйымдары төрағаларының басы біріккен актив отырысына қатысты.
Актив мәжілісін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы төрағалық етіп жүргізді.
Мемлекет басшысы, партия Төрағасы мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады деген болатын. Осы бағытта мәслихаттағы фракцияның атқарып жатқан жұмыстары бойынша «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы баяндама жасады.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары
Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы мен Жастар ресурстық орталығының басшысы Исахов Мағжан Шыңғысұлына сөз берілді. Партия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар тыңдалды.
Jsk ақпарат