• 19 сентября, 2024 10:11 пп

Әскери қызметкерлердің — әскери біліктілігін арттыру бағыты

Автор:admin

Июн 3, 2024

Шымкентте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілерімен жазғы оқу кезеңі басталар алдында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кешенді нұсқау-әдістемелік сабақтар өтті. Сабақтар барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық бағдарламасының іс-шараларын және күнделікті қызметті орындау барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау қағидаларымен танысты. Әскери бөлімнің аумағында жауынгерлік техника паркі аймағында, казармалық үй-жайларда, спорттық және қарауыл қалашықтарында, тактикалық алаңда және әскери қызмет атқаратын басқа да орындарда көрнекі құралдарын пайдалана отырып оқу орындары ұйымдастырылды. Техника мен қару-жарақпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарын толық көлемді макеттер мен манекендерде көрсетуге ерекше назар аударылды. Сабақ жетекшілері жанар-жағармай материалдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын сақтау, қаруды дұрыс қолдану, шаруашылық жұмыстарды және өртке қарсы қауіпсіздікті, дене шынықтыру жаттығуларын орындау бойынша нұсқаулықтар өткізді, сондай-ақ техниканы пайдалану ерекшеліктері мен қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, өрт және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау, түрлі жарақаттар алған кезде алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық өткізілді. Бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин атап өткендей, сабақтарды тәжірибелі нұсқаушылар өткізеді. Олар ішкі және күзет қызметін атқару, сондай-ақ аумақта ішкі тәртіпті ұйымдастыру кезінде туындауы мүмкін негізгі проблемалық тақырыптарды айқын көрсетеді. — Әскери қызметші бөлімде немесе отбасында жұмыс істеген кезде кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Біз әскери техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсету жұмыстары барысында жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарына жауап беретін қажетті жағдайлар жасалады, әскери қызметшілерді барлық қажетті материалдық жағдайлармен қамтамасыз етеді, — дейді әскери бөлімнің командирі полковник Әмірқожа Айтқожин. Қауіпсіздік талаптары бойынша сабақтар Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жоспарына сәйкес жеке құрамның 100% тарта отырып, басталатын жазғы оқу кезеңі қарсаңында өтті.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin