• 20 сентября, 2024 6:48 дп

ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨРТ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Автор:admin

Июн 6, 2024

Адамдар төтенше жағдайға тап болғанда дүрлігемін деп, бағалы уақыттарын жоғалтып жатады. Ондай жағдайға тап болған кезде бірінші қандай әрекеттер жасау қажет?

Мамандар өрт кезінде түтін басқан дәліздер немесе баспалдақтар арқылы қауіпсіз жерге шығуға әрекет жасау қауіпті екенін еске салды. Олардың сөзінше, төтенше жағдайда түтін басқан бөлмелерден өту кезінде тыныс алу жолдарын дымқыл шүберекпен жабу керек. «Егер өрт пәтерден тыс жерде болса, ең сенімді нұсқа — өрт сөндірушілер келгенге дейін оны тастамай ұстау. Мұны істеу үшін алдыңғы есіктегі жарықшақтарды дымқыл шүберекпен жабыңыз немесе есікке дымқыл көрпені іліп қойыңыз. Бұл шаралар түтіннен аулақ болуға көмектеседі. Баспалдақта ашық жану болмаса да, түтіннің концентрациясы салдарынан далаға  шығуға мүмкіндік болмай қалады», — деп ескертеді ТЖМ өкілдері. Осы орайда ТЖМ өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін еске салады: Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз. Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз. Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет. Өрт шыққан кезде не істеу керек? Егер сізде немесе көршілеріңізде өрт шықса, өрт сөндіру қызметіне хабарласыңыз. Диспетчерге келесі мәліметтерді беруге дайын болыңыз: нақты мекенжайы (көше атауы, үй нөмірі, кіреберіс, қабат); өрт ошағының орны (пәтер, дәліз, жертөле, шатыр); жағдай мен уақыт мүмкіндік берсе, кім қоңырау шалып жатқанын хабарлаңыз, телефон нөміріңізді айтыңыз және диспетчердің сұрақтарына жауап беріңіз; егер жарақат алғандар мен зардап шеккендер болса, олардың саны мен алған жарақаттарын сипаттаңыз; қажет болса, оқиға орнына келу жолдарын түсіндіріңіз. Газды жабыңыз. Үй-жайды тоқтан ажыратыңыз. Адамдарды түтіндеген бөлмелерден сыртқа шығарыңыз. Терезелер мен есіктерді жабыңыз. Көршілерге өрттің таралу мүмкіндігі туралы хабарлаңыз. Әрекеттер дүрбелең тудырмауы керек. Адамдарды үй-жайлардан шығарып, ықтимал эвакуация туралы ескерту қажет. Егер кіреберісте автоматты өрт қауіпсіздігі жүйесі орнатылған болса-үйдің барлық тұрғындарына ескертуді тездету үшін оны іске қосыңыз. Егер өрттің ауқымы өртті басқаруға мүмкіндік берсе, өртті өз күшіңізбен сөндіруге тырысуға болады. Ол үшін қолда бар өрт сөндіру құралдарын пайдалану қажет: өрт сөндіргіштер, өрт крандары, су құбырынан су шашу, мақтадан жасалған көрпемен өрт ошағына ауаның кіруін тоқтату. Әрбір адам экстремальді жағдайда өзін қалай ұстау қажет екенін, көмек көрсете алуды білу керек және бұл дағдылар бала жаста жақсы меңгеріледі. Сондықтан да Қызметтің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Горький атындағы мектепке барды. Олар балаларға отты абайсыз қолданудың салдарынан орын алуы мүмкін қауіп туралы, өрт болған кезде өзін қалай дұрыс ұстау қажеттігін айтып берді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірін ескертті. Сонымен қатар көптеген «101 және 112 қызметтерінде өрт туралы бала хабарласа сене ме?», «неге жаттығу кезінде эвакуациялауда жоғарғы сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларын өткізеді?», «бір қабат төмендегі пәтерде өрт орын алса не жасау керек?» деген сұрақтарға жауап берді. Құтқарушылар: -Ең бастысы байбаламға салынбау және тығылып қалмау,- деп айтты. Бірінші өрт кезінде не істеу керек- «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, өрт сөндіруші және құтқарушыларды шақыру керек. Өрт орын алған елді мекеннің немесе ауданның, көшенің атын, үйдің нөмірін, қабатты және өзінің телефон нөмірін нақты айтамыз. Егер саты торын түтін баса және сіз пәтерден шыға алмасаңыз, түтіннен мүмкіндігінше алысқа кетуге тырысыңыз, егер қылтима болса сол қылтимаға шығыңыз. Өзіңіздің артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз, бұл өрттің таралмауына көмектеседі. Өзімізбен міндетті түрде ұялы телефонды аламыз және құтқарушыларға қай бөлмеде екендігіңіз туралы хабарлаймыз. Сондай-ақ олар улы газбен уланып қалған адамға қалай көмек көрсету керектігі туралы айтып берді. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin