• 20 сентября, 2024 5:51 дп

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары жүргізілуде

Автор:admin

Июн 6, 2024

Мамандардың мәліметінше, әрбір үшінші қазақстандық отбасында әйел адам физикалық және психологиялық тұрғыдан зәбір көреді. Шымкент қаласының Қаратау ауданында 1400-ден астам тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарланған. Келесі жылы Қаратау және Абай аудандарында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарын ашу туралы шешім қабылданды. «Біздің ауданның 54%-ы әйелдер, яғни Қаратау ауданында 130 мың әйел тұрады. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 600 жағдайын тіркелді. Сонымен қатар, тек ересектермен ғана емес, өскелең ұрпақпен де түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек. Жастар ресурстық орталығы адамдармен кездеседі, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренингтер өткізеді», – деді Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулькеманов, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте қоғам белсенділері балама нұсқаларды қолдана бастады. Қазір медиаторлар комиссиясы құрылды. Олар мәселелерді бірлесіп шешуге қатысады және ерлі-зайыптылардың отбасылық ошағын сақтауға шақырады. «Әкелер одағының» белсендісі Еркін Отарбаевтың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. “Мұндай зорлық-зомбылықтың салдары сот процестеріне және отбасылық одақтардың бұзылуына әкеледі. Қазір медиация туралы заң бар. Яғни, сотқа дейін және одан кейін татуласу процесі жүреді. Біз де тараптарды татуластыруға тырысамыз. Әркім өз отбасындағы тыныштық туралы ойлауы керек. Мұндай семинарларға әкелерді тарту керек. Олар-отбасының тірегі және олардың жауапкершілігін арттыру керек», – деді ол. №2 кешкі мектептің директоры Гүлмира Мулдахметова да сол пікірді қолдайды. «Қазір «зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты тамаша жоба жүзеге асырылуда. Сондықтан біздің кешкі мектепкеШымкент әкімдігі құрған комиссияның шешімі бойынша кәмелетке толмаған балалар бізге келеді. Қазір біздің мектептің оқушылары тек оқумен ғана емес, үй шаруасымен де айналысады, үйде көмектеседі. Менің ойымша, бұл жақсы нәтиже», –  деді ол. Шымкентте отбасылық үйлесімділікті сақтау үшін семинарлар мен тренингтер жалғасады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin