• 28 ноября, 2024 2:00 пп

Өнім берушілерге спорт секциясын ашу үшін келесі құжаттар тізімі ұсынылады

Автор:admin

Июн 18, 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидасына» сәйкес, «damubala.kz» ақпараттық жүйесінде келесі құжаттар тізімін ұсынады.

Қағиданың 4-тармағына сәйкес келесі құжатта ұсынылады;

1) жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкер талоны, немесе жеке кәсіпкер куәлігі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) спорт секция қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өнім берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.

      Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжаттың мерзімі өнім беруші өтініш берген күннен кейін кемінде 10 (он) айды құрайды.

      Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдаланған жағдайда қызмет көрсету туралы шарт ұсынылады, онда құқық белгілейтін құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті беруші тікелей теңгерім ұстаушы болып табылады;

      3) құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) ұйым ғимаратының/үй-жайларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі;

      4) өнім беруші бекіткен спорт түрлерінен оқу бағдарламасы, мыналарды қамтиды:

оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;

      болжамды спорттық нәтижелер;

     оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22633 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес бір тақырыпқа жұмсалатын сабақтардың санын көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға сабақтардың тақырыптарын тізбектеу));

     сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;

    сабақтарды өткізу кестесі;

      баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде жарыстық (конкурстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;

    сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;

спорт секциясына бару регламенті;

5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің тізімі.

Қағиданың 4-тармағына сәйкес келесі құжатта ұсынылады;

Өнім берушінің балалармен сабақ өткізетін әрбір қызметкеріне, өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтерді қамтитын ақпарат қоса беріледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) мынадай тәсілдердің бірімен кәсіби спорт бейінін растайтын құжаттар:

      кадрларды даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) немесе жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі: «Дене шынықтыру және спорт» немесе «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар;

      «Қазақстан Республикасының спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» немесе «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының спорт шебері» спорттық атақтары бар тұлғаларға — техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) немесе жоғары білімі туралы дипломның, бейінді спорт түрі бойынша жоғарыда көрсетілген спорттық атақтарды беру туралы куәліктің және Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органы жанындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21464 болып тіркелген) нысан бойынша өтініш берілген күнге қарай 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей берілген сертификат, немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе орта кәсіптік медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;

      4) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

      5) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген наркологиялық ұйымда диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама;

      6) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген психоневрологиялық ұйымда диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама;

7) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген туберкулезге қарсы мамандырылған ұйымда (туберкулезбен ауыратындардың диспансерлік бақылауда тұрғаны/тұрмағаны) туралы анықтама.

Сабақтар өткізу үшін үй-жайға қойылатын талаптар

Қағиданың 18 және 19 тармақтарымен анықталады

18. Сабақ өткізуге арналған үй-жай орналасқан ғимарат бөлек санитариялық тораппен және мыналармен жабдықталады:

1) дәретханамен. Кәрізденбеген жерде санитариялық-аулалық қондырғылар орнатуға жол беріледі;

      2) ыстық және суық суы бар қолжуғышпен;

      3) душ бөлмелерімен;

      4) жеке гигиена құралдарымен, оның ішінде дәретхана қағазымен және сабынмен;

      5) жарықтандыру;

      6) қол кептіргішпен немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен.

19. Сабақ өткізуге арналған үй-жай жабдықталады:

      1) топтағы балалардың рұқсат етілген шекті санынан кем емес жеке шкафтармен жабдықталған киім шешетін орынмен;

      2) бейне мұрағатты кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіледі;

3) өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады.

Автор: admin