• 27 ноября, 2024 2:24 пп

“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АПТАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Автор:admin

Июн 20, 2024

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Абай ауданына қарасты Асар мөлтек ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының м.а. Бекайдар Тулегенов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары қатысты. Сондай-ақ партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері белсенділік танытты.

«AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы осы санаттағы іс-шаралардан ерекшілігі – ол елді мекен аумақтарын қоқыстан тазарту бойынша «нүктелік» жұмыс жүргізуге бағдарланған.

Айта кетейік, тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.

«AMANAT» партиясы осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндет деп белгілейді және барша отандастарымызды бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырады.

Автор: admin