• 19 сентября, 2024 9:57 пп

Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрлері

Автор:admin

Июн 3, 2024

Түркістан облысында мемлекетке төленетін міндетті төлемдер жыл сайын өз деңгейінде тұрақты өсіп келеді. Экономикасына салынып жатқан инвестицияның қаржы нарығында сұранысқа ие болып жатыр. Осы мақаламызда мемлекеттік бюждетке түсетін салықтардың түрлеріне тоқталатын боламыз. Салықтар дегеніміз — мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған — мемлекеттік қорлар құру үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу болып табылады. Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті төлемдер келіп түседі.  Оларға жататындар: алымдар, баждар, төлемдер. Алым сияқты міндетті төлемнің құқықтық мазмұнын анықтау үшін, оның салықтық төлемнен негізгі айырмашылықтарын анықтау қажет.

А) Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін – тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;

Б) Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Алым төлегені үшін субьект белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.

В) Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті. Баж. Бюджетке түсетін келесі міндетті төлемнің түрі – баж болып табылады.  Баж дегеніміз заңды маңызды әрекеттер жасағаны үшін немесе құжаттар бергені үшін, соған өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мен алынатын міндетті төлемнің түрі. Бұл анықтамаға қарап, біз баждың алымға жақындығын көреміз. Бірақ, Худяков А.И. ойынша, келесідей айырмашылықтар бар:

А) Баж – бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым – төлеушіге қызмет көрсеткен ұйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес, баж – фискалды төлем, ал алым- чиновниктік төлем.

Б)  Баж – көрсетілген қызметтің бағасынан тәуелсіз алынады, ал алымның мөлшері – көрсетілген қызметтің бағасына сәйкес болады, яғни алым, мемлекеттік орган жіберген шығындардың орнын толтыруға тиісті.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin