• 20 сентября, 2024 5:49 дп

Венчурлік қаржыландырудың механизмі

Автор:admin

Июн 6, 2024

Мақалада венчурлік қаржыландырудың, нақты инновациялық компанияның, венчурлік қорлар мен венчурлық басқарушылардың мәні ашылады. Сондай ақ Түркістан облысында саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтап өткенді жөн санадық. Жалпы өңірімізде венчурлік қаржыландырудың негізгі көзі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын жеке ірі компаниялар есебінен байқауға болады. ҚР-ғы венчурлық қорлардың қызметі облысымызда тұрақты көрсетіліп келеді. Венчурлік қаржыландыру механизмін жеңілдету мақсатында венчурлық қорлардың шартын қолданудың ерекшелігін анықтап алғанымыз жөн. Акционерлік қоғамдар нысанындағы венчурлік қорларды қалыптастыру кезінде инвестициялық жобаларға инвестициялар тәуекелдерін төмендету мақсатында акционерлік Келісімнің мәні мен оны қолдану ерекшеліктері ашылады. Акционерлік қоғам нысанындағы венчурлік қорларды қалыптастыру кезінде инвестициялық жобалардағы тәуекелдерді төмендету мақсатында акционерлік келісім-шарттың мәні мен оны қолдану ерекшеліктері ашылды. Венчурлік қордың активтерін тиімді пайдалану үшін опциондық шарттарды қолдану тетігі көрсетілді. Осылайша, венчурлік қаржыландыру бойынша қабылданған жаңа нормативтік-заңнамалық актілер мониритарлық инвесторларды қорғауға ғана емес, сонымен қатар венчурлік қаржыландыру нарығын одан әрі дамытуға объективті ықпал етеді. Инвестициялық жобалардағы тәуекелді инвестициялардың құқықтық қатынастары мен венчурлік қаржыландыру нарығының дамуы кез-келген мемлекеттің миноритарлы инвесторларды қорғау мақсатындағы өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Мұндай сұрақтардың шешусіз қалуы кәсіпкерлік ортаның бәсеңдеуіне, сонымен бірге кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейіне және шетелдегі интеллектуальдық ресурстардың азаюына заң тұрғысынан әсер етеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауда «сандық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өзіндік экожүйесін дамыту маңызды мәселе болып отыр. Инновациялық экожүйе табысының негізгі факторлары нақты сектор тарапынан жаңа технологияларға сұранысты ынталандыру және венчурлік қаржыландырудың жеке нарығының жұмыс істеуі болып табылады. Бұл үшін тиісті заңнама қажет» –  деп атап көрсеткен болатын. Нәтижесінде кейбір заңнамалық актілерге венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасының Тұжырымдамасы әзірленді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin