• 20 сентября, 2024 5:45 дп

Қазақстан Республикасында венчурлік қорлардың қызметі мен құқықтық ережелерінің ерекшеліктері

Автор:admin

Июн 6, 2024

Венчурлік қаржыны басқарудың алғаш рет ашылуда және патенттік құқықты, зияткерлік меншікті жақсартуға бағытталған венчурлік қаржыландыруды дамыту жөніндегі нормативтік-заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Осы орайда Түркістан облысында жекелеген компанияларға әкімдік тарапынан түсіндірме жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің деректері бойынша ҚР – да қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі атап өтіліп және ол 9,3% – ды құрайды, бұл ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсеткіштерінен орташа 5-7 есе аз (салыстыру үшін Швецияда бұл көрсеткіш 57% – ды, Германияда – 70% — ды, Финляндияда-46% — ды, Австрияда-70% — ды, Ұлыбританияда-62% — ды құрайды). Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде Қазақстан «Инновациялық әлеует» индикаторы бойынша 84-орынды, ал «Венчурлік капиталдың қолжетімділігі» қосалқы факторы бойынша 102 — орынды иеленеді.Түзетулер Кәсіпкерлік Кодекс пен келесідей ҚР заңдарына енгізілген: « ҚР инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Акционерлік қоғам туралы»,. Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»,» Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы»,» Тауар таңбалары және қызмет көрсету таңбалары туралы», «Ақпараттандыру туралы». Аталмыш өзгертулер венчурлық қаржыландыру, нақты инновациялық компания, венчурлық қор түсініктерінің мәнін кеңірек ашуға мүмкіндік берді. Осыған орай бұл заңдар жеке венчурлік капитал нарығын ынталандыруға, индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын дамытуға және венчурлық қаржыландыру аясында қазіргі халықаралық тәжірибені есепке ала отырып инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin