• 20 сентября, 2024 7:04 дп

Венчурлік қаржыландырудағы қордың маңызы мен рөлі

Автор:admin

Июн 6, 2024

Түркістан облысында венчурлік қаржыландыру бойынша бірнеше қорлардың активтері ел игілігі үшін инвестициялық жолмен пайда келтіруде. Бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуына өз септігін тигізіп отыр. Нормативтік-заңнамалық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар «венчурлік қор» және «венчурлік басқарушы» сияқты ұғымдарды енгізуге, сондай-ақ қорлардың заңды нысанын анықтауға байланысты. Венчурлік қор келесідей нысанда құрылуы мүмкін: -Шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам; -Жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, ондағы қарым-қатынас заңды тұлға құрмастан шарт негізінде құрылады. Заңды тұлға құрмастан құрылған венчурлік қор өз қызметін оның қатысушыларының бірлескен венчурлік қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасуы негізінде жүзеге асырады (венчурлық қордың шарты). Венчурлық қордың қатысушыларының саны екеуден артық бола алмайды. Венчурлік қор қызметінің айрықша түрлеріне венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыру мақсатында ақша мен өзге де мүлікті тарту және жинақтау кіреді. Венчурлік қор ҚР Екінші деңгейлі банктерге депозиттеріне ақша салу құқығына ие. Сонымен қатар, венчурлық қорлардың жабылу рәсімі жеңілдетілген. Венчурлік қорларды жабудың оңайлатылған механизмі жарғылық капиталды капиталдандыруда талап шегінің төмендеуіне әкеледі. Венчурлік қордың шарты бойынша екі немесе одан да көп тұлға өз салымдарын біріктіруге және пайда табу үшін заңды тұлға құрмастан венчурлік қаржыландыру бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді. Венчурлік қор шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде баяндалған шарттың еркіндік қағидаты негізінде жасалады және онда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сол сияқты көзделмеген, бірақ оған қайшы келмейтін әр түрлі шарттардың элементтері болуы мүмкін. Венчурлік қордың шартына тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген шекте және көлемде қатысады, бұл ретте бір немесе бірнеше Тараптар (венчурлік басқарушылар) осындай шарттың барлық тараптарының атынан венчурлік қордың жалпы жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Венчурлік қор шартының тараптары жеке тұлғалар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болуы мүмкін. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік құқық бойынша заңды тұлғалар болып табылмайтын шетелдік ұйымдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең түрде венчурлік қор шартының тараптары ретінде қатысады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin