• 27 декабря, 2024 6:10 дп

Мемлекетсіздендіру – мемлекеттік меншіктің ұжымдық немесе жекеменшік формасына ауысуы.

Автор:admin

Июн 11, 2024

Түркістан облысында жекешелендіру саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Соның бірі Түркістан қаласындаға шаруашылық жүргізу құқықығындағы жартылай мемлекеттік, жартылай жекенің қолындағы субекттер саны күн сайын артып келеді. Жекешелендіру   –    мемлекеттік   немесе   муниципалды меншіктің жекеменшікке берілуі. Жекешелендіру келесі мақсаттарды көздеді: бәсекелік ортаны құру; кәсіпорын тиімділігін көтеру; экономиканы демонополизацияландыруға қатысу; шетел инвесторларын тарту. 1991    жылдан     бастап    Қазақстан     Республикасының Конституциясы   алғаш   рет   жекеменшік   құқығын   анықтады,содан бері жекешелендіру мен мемлекетсіздендірудің алғашқы қадамдары қолданыла бастады. Жекешелендірудің заңдылық базасы «Меншік туралы» және «Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы» заңдарымен көрсетілген. кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталық- танған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалар болды. Ол кәсіпорындарды, олардың еңбек ұжымдарының, ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізіледі. кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993- 1995 жылдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады. Жекешелендірудің екінші кезеңінің негізгі мақсаты мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объектілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емес активтерді өтеусіз және өтеуімен өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестену негізінде орталықтанған-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып еді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin