• 21 сентября, 2024 2:45 дп

Қазақстандағы салық жүйесінің  қызмет атқару жағдайы.

Автор:admin

Июн 14, 2024

Салық қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінен және облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы мемлекеттік салық басқармалары мен бөлімдерінен тұрады. Салық қызметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің салық полициясы басқармасынан, облыстардағы, Алматы және Байқоңыр қалаларындағы салық полицияларынан тұратын салық полициясы органы жұмыс істейді, Салық қызметін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің, терағасы басқарады. Қазақстан Республикасы Мемлекеітік салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті, ал оның орынбасарлары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық  аудандардағы мемлекеттік салық комитеті басқармасы және бөлімдері бастығын және мемлекеттік салық комитетінің басқарме бастықтарын Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы тағайындайды, Барлық  деңгейдегі салық қызметі органдары  заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа мемлекеттік бақылаушы органдарымен өзара қарым-қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады, Мемлекеттік өкімет органдары Қазақстан Республикасының талық заңдары мен республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті. Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі  белгілі бір принциптерге сәйкес қызмет етуі керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру принциптері.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin