• 25 декабря, 2024 6:55 дп

Мемлекеттік сатып алудың озық үлгісі

Автор:admin

Июн 16, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында: «Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек», деді. Президент сол жолғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Шағын және орта бизнес халықтың үштен біріне жұмыс тауып беріп отыр. Бір сөзбен айтқанда, оның ахуалы қандай болса – халықтың жағдайы да сондай. Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», деп Жолдаудағы тапсырмасын пысықтады. Осы жерде ШОБ-ты қолдаудың әлем­дік тәжрибесіне аз-кем тоқтала кеткім келеді. Шағын және орта бизнесті қол­даудың әлемдік тәжрибесі дегенде, қатып қалған формула жоқ. Бірақ әлемде ШОБ-ты қолдауда біртұтас қалыптасқан ортақ жүлге бар. Ал басқа қолдау шаралары осы жүлгенің аясында әр мемлекет өзінің ерекшелігіне қарай әр түрлі форматта жүзеге асырады. Атап айтқанда, әлемде дамыған елдерде ШОБ-ты қолдаудың бірнеше маңызды аспектісі бар: Бірінші, ШОБ дамуын қолдайтын базалық жүйені жетілдіру. Базалық жүйе, негізінен, ШОБ-тың құқықтық, адал бәсекелестік, статистикалық бақылау және мәлімет беру, сондай-ақ сенімділік жүйесін жетілдіруді қамтиды. Екінші, ШОБ-ты қаржыландыру жүйесін жетілдіру. Бұл ақшалай несие беру механизмін оңтайландыруды, шағын және микро кәсіпорындарға көп деңгейлі қаржылық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруді, шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық дифференциациясы мен ынталандыру механизмін күшейтуді қамтиды. Үшінші, ШОБ-тың қаржылық және салықтық қолдау жүйесін жетілдіру. Бұл қаржылық қолдаудың нақты, дәл және ең тиімді жүйесін жетілдіруді, шағын және орта кәсіпкерліктің салық ауыртпалығын жеңілдетудің ұзақ мерзімді механизмін құруды қамтиды. Төртінші, мемлекеттік сатып алу арқылы ШОБ-ты қолдау механизмін күшейту.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin