• 21 сентября, 2024 5:26 дп

Мемлекеттік сатып алу көлемі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Автор:admin

Июн 16, 2024

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу – бұл мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алудың бір жолы. Мемлекеттік сатып алудың өзі ҚР-ның 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен реттеледі, ол қатысу талаптары мен тәртібін реттейді, соның негізінде мемлекеттік қажеттіліктер қалыптасады. Іс жүзінде елімізде мемлекеттік сатып алу бірнеше маңызды қағидаттармен жүзеге асырылады. Олар: барлық қатысушыларға (жеткізушілерге) әділ және тең қарым-қатынас, қаражатты ұтымды жұмсау, ашықтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Дәл осы қағидаттарды сақтау мемлекеттік органдар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік сатып алуларға кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар да, қызмет саласына сәйкес келетін, қажетті құжаттары мен бәсекелестік ұсынысы бар заңды тұлғалар да барлық жеткізушілер қатыса алады. «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №5 нормативтік қаулысының 1-тармағына сай, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының  3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу заңнамасы ҚР Конституциясына негізделетінін, ҚР Азаматтық кодексінің, осы Заңның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларынан тұратынын анықтап алу қажет. ҚР-ның Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 378-бабының 1-тармағында екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Осы Кодекстiң 386-бабының 1-тармағына сай шарт оны жасасқан кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi саналады. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңына сай және шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң ең төмен мерзiмi жұмсалған уақыттан кем болмауы керек, оның ішінде тауарларды жеткiзуге, оларды дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, тауарларды беруге, қызметтерді ұсынуы күнтізбелік 15 күннен кем емес болу қажет. Бұл кезең жеткізушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мерзімі болып табылады. Жеткізуші АК-тің 279-бабында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауға құқылы. Жеткізушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін бұзуы оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізуге әкеп соғады. Аталған нормативтік қаулының 5-тармағына сәйкес, жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаптарды қарау кезінде соттар АК-тің 359-бабына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікке негіз ретінде өнім берушінің кінәсін ескереді. АПК-нің 6-бабының 5-бөлігіне сәйкес сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндетті. Жағымсыз салдар деп АК-тің 401-бабының 2-тармағында тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса, бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады. Міндеттемені орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін өнім беруші кінәлі болған жағдайда АК-нің 359-бабының 1-тармағына сәйкес жауапты болады. Жеткізуші шартты орындау мерзімін елеусіз бұзған және тапсырыс беруші үшін теріс салдары болмаған жағдайда әділдік пен негізділік критерийлеріне сүйене отырып, соттар істердің басым көпшілігінде мұндай жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап қоюларды қанағаттандырусыз қалдырады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin