• 25 декабря, 2024 7:17 пп

Қаржылық талдау объективті және субъективті факторлары

Автор:admin

Июн 17, 2024

Қаржылық сауаттылықты зерттеудің әсерінен пайда болатын ұйымның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық нәтижелерін зерттеумен байланысты белгілі бір білім жүйесі қаржылық сала болып табылады. Қаржылық талдау сыртқы және ішкі болып жіктеледі. Сыртқы қаржылық талдауды салық органдары, банктер, статистикалық органдар, жоғары тұрған ұйымдар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, инвесторлар, акционерлер, аудиторлық фирмалар және т.б. жүргізеді. Сыртқы қаржылық талдаудың негізгі міндеті ұйымның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігін және өтімділігін бағалау болып табылады. Ұйымның ішінде бухгалтерия, қаржылық бөлім, жоспарлау бөлімі, басқа функционалды бөлімдер арқылы жүргізіледі. Ішкі қаржылық талдау сыртқы қаржылық талдауға қарағанда көбірек міндеттер спектрын атқарады. Ішкі талдау жарғылық және қарыз капиталының қолдану тиімділігін, табыс рентабельділігі көрсеткіштерін зерттейді, ұйымның қаржылық жағдайының тұрақталуының соңғы өсу резервін анықтайды. Ішкі қаржылық талдау ұйымның қызметінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға әсер ететін тиімді басқару шешімдерін анықтауға және енгізуге бағытталған. Қаржылық талдау қаржылық менеджменттің құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау әдістерін білмей, капиталды басқару, қаржылық тәуекелділіктерді төмендету бойынша шешім қабылдау мүмкін емес. Көбінесе

ұйымның қаржылық есептілігін пайдаланушылардың барлығы қаржылық талдау нәтижелерін өздерінің қызығушылығын оңтайландыру үшін шешім қабылдауға қолданылады. Қаржылық талдаудың мақсаты – қаржылық қызметтегі уақытысында жетіспеушіліктерді анықтау мен жою және ұйымның қаржылық жағдайын және оның төлем қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin