• 25 декабря, 2024 6:53 пп

Салық саясатын Түркістан облысында оңтайландыру басты мақсат!

Автор:admin

Июн 17, 2024

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов салық саясатын реформалау тәсілдері жайлы айтты.

Агенттіктің мемлекеттік саясат бағыттары мен экономика салаларын кең ауқымды реформалау бойынша ұсыныстар әзірлеудің үздіксіз процесінде екенін білеміз. Осындай негізгі салалардың бірі бұл – салық саясаты. Осыған дейін салық саясаты бірнеше рет реформалаудан өтті. Президент жаңа Салық кодексін қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Сонда қолданыстағы Салық кодексінің және жалпы салық саясатының тиімсіздігі неде?

-Өткен жылдың басында Президент жаңа экономикалық бағытқа көшу қажет екендігін және ол әділеттілік қағидаттары мен барлығы үшін тең құқықтарды қамтамасыз етуге негізделуі тиіс екенін  атап өтті. Осыған орай Түркістан облысында салық саясатын оңтайландыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Салық саясаты елдің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде барлық қатысушылар үшін әділ шарттармен сипатталуы керек. Сіз атап өткендей, тәуелсіздік жылдарында салық саясаты бірнеше реформадан өтті. Осы реформалардың хронологиясына тоқталатын болсақ, келесі жағдайды көруге болады. 1991 жылы «Салықтар туралы» Заң қабылданды, ол нарықтық экономиканың жаңа жағдайында заңнамалық база құру арқылы нарықтық қатынастарды тұрақтандыруды көздеді. 1995 жылы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң енгізілді. Оның міндеті салық заңнамасын әлемдік стандарттарға жақындату болды. Осы заңның шеңберінде салықтар саны 17-ге дейін қысқарды және өзекті заңнамалық база қалыптасты. 2001 жылы экономиканың белсенді өсуі, сондай-ақ салық төлеушілерді бақылауды күшейту шаралары аясында салық базасын кеңейту тетіктерін қамтитын бірінші Салық кодексі қабылданды. 2008 жылы Салық кодексі жаңа редакцияда қабылданды, оның шеңберінде іскерлік белсенділікті ынталандыру есебінен салық алымдарын ұлғайтуға баса назар аударылды. Осыған сәйкес, болашақта негізгі салықтар бойынша мөлшерлемені төмендету қайта қаралды. 2017 жылы қолданыстағы Салық кодексі қабылданды. Бұл ретте оған 53 түзетулер пакеті енгізілді, олардың әрқайсысы көптеген өзгерістерден тұрады. Салық саясатының тұрақты, мүмкіндігінше қарапайым, түсінікті, сондай-ақ әділ болуы өте маңызды. Бұл жерде Салық кодексінің алдыңғы нұсқалары, әдетте, бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз ету және оның кіріс бөлігін кеңейту тұрғысынан жазылғанын атап өту маңызды. Осылайша салық саясатының негізгі мақсаты экономиканың сапалы өсуі мен оны әртараптандыру емес, салық түсімдерін өсіру болды. Алайда номиналды ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне қарамастан, ЖІӨ-ге салық түсімдері төмендеді және олардың динамикасы өте құбылмалы. Қазірдің өзінде Қазақстанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі көрсеткіштері деңгейлес басқа елдермен салыстырғанда, ЖІӨ-ге түсетін салық түсімдерінің көлемі төмен екені байқалады. Атап айтқанда, 2010-2022 жылдар аралығында салықтардың ЖІӨ-ге қатынасы, тіпті Ұлттық қорға түсетін түсімдерді ескере отырып, 24-26%-дан 16-21%-ға дейін төмендеді. Ал Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есепке алмағанда, көрсеткіш 13-15%-ға дейін ауытқып отырды. Бұл ретте, мысалы, Чилиде салық түсімдерінің ЖІӨ-ге қатынасы – 22%, Түркияда – 23%, Латвияда 31% құрайды. Бұдан басқа, біз жүргізген талдау көрсеткендей, 2015 жылдан бастап Қазақстанда салық алымдарының жалпы сомасының жиынтық шығарылымға қатынасы ретінде есептелетін салық ауыртпалығын төмендету үрдісі байқалады. Агенттіктің есептеуі бойынша, 2014 жылы салық ауыртпалығы шамамен 30% болса, 2015-2021 жылдар ішінде бұл көрсеткіш 20%-25% аралығында болды. Негізінде салық ауыртпалығының төмендеуі салық базасын кеңейтуге оң әсер ете отырып, экономикалық белсенділік пен тұтынуды ынталандыруға әкелуі керек.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin