• 28 ноября, 2024 4:38 дп

Салық субьектісінің заңды талаптары

Автор:admin

Июн 18, 2024

Салық міндеттемесінде  көрсетілген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салықты төлеу заңдылық міндеттемесі жүктелген тұлға –  салық субъектісі деп аталады. Салық субъектілері заңды және жеке тұлға болып бөлінеді. Олардың салық төлеу режимдері әр түрлі, ал кей жағдайларда тек өздеріне ғана тиісті төлейтін салық түрлері де әр түрлі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құқықтық меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе басқаруында оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен алған міндеттемелері бойынша жауап бере алатын, сот алдында талапкер не жауапкер бола алатын ұйым – заңды тұлға болып табылады. Атап кеткендей  салық субъектісінің тағы бір категориясы – жеке тұлғалар. Салық заңдарына сәйкес салық төлеуші жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттері азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасы азаматтарына азаматтығы бар фактісінің өзі салық міндеттемесіне заң бойынша орындауын жүктейді. Салық субъектісі салықты алып жүруші ретінде де танылады. Салықты алып жүруші – салық салудың  нақты ақырғы қорытындындысында  барлық ауыртпалықты көтеруші тұлға. Әсіресе, бұл құбылысты жанама салықтармен (қосымша құн салығы, акциздер) байланыстыруға болады. Яғни салық субъектісі болып  табылатын дүкен сатушысы салықты  төлеуге тиісті. Бірақ салық сомасы тауар құнын қосылған нәтижесінде  тауар тұтынушы тауар құнын да, салықты да төлейді, ал сатушы төленген салық сомасын тауар тұтынушыдан  қайтарып алады. Қорыта айтқанда тауар  сатып алушы тұтынушы салық субъектісі болмаса да, шын мәнісінде сол  салықты төлеуші болып табылады. Бұл жағдайда жай ғана жеке тұлға, айтылған салыққа төлеуші ретінде еш қатысы болмаса да, сол салықтың ауыртпалығын көтеріп, салықты алып жүруші болып отыр. Салық объектісі  – субъект, яғни салық төлеуші  салықты не заттан төлейтінін корпарациялық  табыс салығы үшін заңды тұлғаның табысы, жер салығы үшін жердің аудан  көлемі, мүлік салығы үшін мүліктің құны  т.б. болып табылады. Салық төлеушінің мөлшерін анықтайтын заңмен белгіленген  салық салу шамасы  салық  нормасы  деп  аталады.  Көп  жағдайда  ол  салық   салу  ставкасы  мен  салық  салу  бірлігінің  өзара  қимыл  байланысының  нәтижесі  болып  табылады. Салық  базасының  өсуі  немесе  кемуіне  байланысты  салық  ставкасының өзгеру  тәртібі  – салық  салу  әдістемесі  деп  аталады. Салық  салу  әдістеменің  төрт  негізгі   түрін  бөліп  атауға  болады:  теңдік,  пропорционалдық,  прогрессивтік (үдемелі) және  регрессивтік     (кемімелі) Салық мөлшері  барлық  салық  төлеушілер  үшін  нақты  белгіленетін  сома мөлшеріне  тең  болып  (тепе–тең  салық  салу) не салық  салу ставкасын  қолдану  арқылы  анықталуы мүмкін. Тепе –  тең  салық салуда барлық салық  төлеушілерден бірдей  мөлшерде  салық  ұсталады.  Мысалы,  патент  арқылы  жұмыс істейтін,  кәсіпкерлік  қызметтерінің  сипаттамасы  бірдей,  жеке  тұлғалардан  есептеліп,  ұсталатын  салық  сомасы  барлығы  үшін  бірдей. Салық  салу  ставкасы  бойынша  салық  бірлігінен  нақты  ақшалай  сома  арқылы  салығы  ұстау  әдісі.  Мысалы,  жер  салығы  бойынша  Қарағанды  қаласы  үшін  1 м2 жерге 0,2 теңге. Ставка қолданылады.  Екіншіден проценттік  ставка  қолдану арқылы  салық ұстау.  Мысалмен  айтатын болсақ,  корпарациялық табыс салығының ставкасы 30% .  Ол барлық заңды тұлғалар үшін  (оған  тек негіз құралдары жер болып келетін заңды тұлғалар  жатпайды) бірдей.  Тек салық салу  базасы,  яғни  салық салынатын табыстары,  әр  түрлі  болуы  мүмкін. Соған  байланысты  төлейтін салық сомалары  да  әр  түрлі.  Проценттік  ставкамен салық   ұстау  ставкасы  пропорционалдық ставка  деп  аталады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin