Сыбайлас жемқорлық қоғамдағы ең қауіпті құбылыстардың бірі болып табылады. ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық— бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бірмемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяситәртіп қорғалған емес». Сыбайлас жемқорлықтымемлекет пен қоғам үшін келтіретінэкономикалық залал ретінде бағалауқабылданған. Ол тек қана экономика мен әлеуметтік қатынастарға, қоғамның құндылықтықжәне моральдық-адамгершілік негізіне зиянкелтіріп қана қоймайды, сонымен біргемемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуінежәне елімізде жүргізіліп жатқан тұрақтылық жәнеқауіпсіздік саясатына да әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттіңбәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзегеасыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделінекөлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, адамдардың қоғамдық демократиялық негізінедеген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызаттүсіретіні болып отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптегенәдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып жәнеоның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылыжазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымдыадамдарға ережелер мен заңдарды бұзбайөздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретінэкономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, соларқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтималпайданының көлемін азайту.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу — жекеадамдардың немесе жекелеген топтың ғана емесмемлекеттік органдардың, мемлекеттікоргандардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттікбағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпеніске асырылуы тиіс. Осыны шынайы орындауүшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесінұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана оларқарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамныңтежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
Ордабасы аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы А.Рахимова