Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде.
Апталық аясында бүгін «Арбат» демалыс аймағында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты іс-шара өтті.
Репродуктивті денсаулық апталығы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау әдістері туралы төмен хабардарлығы, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-дің таралуының өсуі, сондай-ақ жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешуге бағытталған.
Арбатта Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 5 Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу мен оған күрес орталық қызметкерлері жедел тест сынамасын алып, АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Апталыққа Шымкент қалалық №6 емхананың Жастар денсаулық орталығының дәрігерлері атсалысты.
Іс-шарада 290-ға жуық жастар мен жасөспірімдер қамтылды. Оның 197-і кәмелетке толмаған жасөспірімдер.
Экспресс тест алынғандар саны — 29 адам
Апталыққа жастар арнайы ұйымдастырылған спорттық шараға белсенді қатысып, өзара сайысты. Жарыста үздік атанған жастарға марапат беріліп, түрлі сыйлықтар табысталды.