• 21 ноября, 2024 4:03 пп

АБАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Автор:admin

Июл 1, 2024

 

Бүгінгі сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында Абай ауданы әкімі тағайындалды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл орынға Сұлтанхан Шәкір Асылханұлын ұсынды.

Мемлекеттік қызмет саласында қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Шәкір Асылханұлының жұмысына сәттілік тілеген қала басшысы Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен тәжірибесі жететініне сенім білдірді.

Шәкір Асылханұлы 1971 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар» академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Алматы қалалық ішкі істер органдарында, Алматы қалалық Әділет басқармасының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша Әділет басқармасы және Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары, Тіркеу қызмет комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Алматы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.
Аталған лауазымға дейін Шәкір Асылханұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.

Автор: admin