• 25 ноября, 2024 5:47 дп

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке кім кіре алады?

Автор:admin

Июл 1, 2024

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары егерде сіз шаһарымызда келісім-шарт негізінде әскери қызмет өтегіңіз келетін болса, онда мына қағидаттарды білгеніңіз абзал.  Сіз ерікті түрде әскери қызметке үміткер ретінде келесідей шарттарға сәйкес болуыңыз қажет: Сіз Қазақстан Республикасының азаматы болуыңыз керек; жасыңыз 19-дан төмен емес (әскери орындардың курсанттарына қатысты емес) және әскери атағына байланысты әскери қызмет жағдайында шекті жасынан төмен 5 жас үлкен емес болса; Сізде әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандық болса; Сіз мерзімді әскери қызметтен өткен болсаңыз немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқыған болсаңыз, я болмаса әйелдерді қоспағанда, әскери-оқыту қорын дайындау бойынша Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болсаңыз. Келісім-шарт бойынша келесі әскери қызмет мерзімдері бар: 3 жылға; 5 жылға; әскери қызметте шекті жасқа жеткенге дейін 10 жылға немесе әскери оқу орнында оқу мерзіміне. Бірінші келісімшарт 3 жылға жасалады және осы мерзім аяқталғаннан кейін сіздің қалауыңыз бойынша жоғарыда көрсетілген кезеңге ұзартылуы мүмкін. Ерікті әскери қызметті өткеру, Сіз және әскери бөлім арасындағы өзара міндеттемелер мен жауапкершілікті белгілейтін келісімшарт жасасуды білдіреді. Келісімшарт жазбаша нысанда екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісім-шарттың бір данасы келісім-шарт бойынша әскери қызметке түскен адамға беріледі. Әскери қызметшіні лауазымға тағайындау туралы келісім-шартта және бұйрықта көрсетілген күн әскери қызметшінің қызметтік міндеттерін атқаруының басталуы болып есептеледі. елісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген адамдар міндетті түрде ҚР азаматы болуға және мынадай талаптарға жауап беруге тиіс: қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болу, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болу;

курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмау және олардың әскери қызметте болудың шекті жасына толуға: келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіргендер үшін – он екі жыл алты ай; келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта түсушілер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары бар адамдар үшін – он екі жыл алты ай; келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта түсушілер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамның әскери атақтары бар адамдар үшін-он жыл; келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта түсушілер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары бар адамдар үшін – бес жыл; келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының және кіші сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас; кіші офицерлер және аға сержанттар құрамдарының лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас; аға офицерлер немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;

әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруге не әскери кафедрада оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өту. Мерзімді әскери қызметті өткерген және орта кәсіби білімі бар азаматтар сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының лауазымдарына келісімшарт жасаса алады. Қазіргі кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің 10%-дан астамын әйелдер құрайды. Әйелдер операторлардың, байланысшылардың, дәрігерлердің, қаржыгерлердің лауазымдарына және басқа да мамандықтар бойынша  лауазымдарда әскери қызмет өткереді. Келісімшарт қызметіне қабылдау үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті әскери басқару органдарына (әскери комиссариаттарға) өтініш білдіру қажет. Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады: келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау; медициналық куәландырудан өту; дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін анықтау; кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау; психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin