• 25 ноября, 2024 6:55 пп

Шымкент қаласында тыйым салынған жерлерде профилактикалық рейд өткізілді

Автор:admin

Июл 7, 2024

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері демалушыларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрысты еске салу үшін күн сайын су айдындары бойынша рейдтер өткізіледі. Мұндай іс-шаралар әкімдік қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, өрт сөндіру бөлімі мен еріктілердің қатысуымен өткізіледі. Әңгімелер кеңес түрінде өтеді. Әркімнің жеке  ісі – өз өміріне қамқорлық жасау, құтқарушылардың міндеті-еске салу, ескерту. Мүмкін, біреу қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін білмейді, біреу оларды елемейді. Адам көбінесе жазатайым оқиға онымен емес, кез келген адамда болуы мүмкін деп ойлайды. Мамандар рұқсат етілмеген жерлерге ерекше назар аударады.  Шомылу маусымының соңына дейін мұндай жағдайлар болмас үшін рейдтер шомылуға тыйым салынған жерлерде өткізіледі. Мобильді топтар тақырыптық жадынамалар таратты, ТЖ қызметкерлері ешбір жағдайда мас күйінде суға түсуге болмайтындығын, тыйым салу белгілерден асып жүзуге және бейтаныс жерлерге сүңгуге, шағын көлемді кемелерге жақындауға, суда ойын ұйымдастыруға болмайтынын еске салды. Ата-аналарға балалардың әрқашан бақылауда болуы керектігі ескертілді. Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  Әдетте, жүзе алмайтын балалар  белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы «Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 10 есе ұлғайды. Шомылу маусымының басталуымен су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖ министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің күштерімен 42 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылды. Шомылу маусымының басталуымен суға батып қайтыс болғандардың 15%-ы немесе 10 жағдай рұқсат етілген, 85 %-ы  немесе 54 жағдай рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр. Осы тұрғыда, тағыда халықтың назарын аударғымыз келеді: Су айдындарында өздеріңіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін рұқсат етілген, қауіпсіз орындарда демалуға шақырамыз! Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ көздерінде және әкімдіктер мен өңірлік төтенше жағдайлар департаменттерінің сайттарында орналастырылады. Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мыңнан астам көл бар, оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады, онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталды, оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116-сы спорт және туристік мақсаттарға арналған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin