• 26 ноября, 2024 4:52 дп

   Жер-2024: Тиісті қызметтердің дайындығы пысықталды

Автор:admin

Июл 13, 2024

Шымкент қаласында ҚР ТЖ министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқаулығына сәйкес «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екінші күні өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, қаланың азаматтық корғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, ТЖ департаментінің күштері мен кұралдары қатысты. Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов жетекшілік етті. Оқу-жаттығу барысында қалалық төтенше жағдайлар Департаментіне шартты түрде 7-8 баллдық жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Азаматтық қорғау қызметтерінің бірлесіп, дер кезінде тұрғындарды қауіпсіз ашық алаңда құрылған шатырлы қалашыққа эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп базаларында, сондай-ақ қаланың ашық алаңдарында төтенше жағдай аймақтарынан халықты қауіпсіз аймаққа көшіру  үшін  эвакуациялық пункт дайындалды. Шатырлы қалашықтар, сонымен қатар қайтарымсыз шығындар болған жағдайда жерлеу орындар  белгіленді. Оқу-жаттығудың қорытындысына сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің жер сілкінісіне дайындығы бойынша тыңдалым өткізілді. А.Кәрімов азаматтық қорғау қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар берді. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.

Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin