• 27 ноября, 2024 2:20 дп

Отбасылық зорлықтың алдын-алу – қоғамның басты міндеттерінің бірі

Автор:admin

Июл 5, 2024

Мемлекеттің адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары сияқты ең жоғары құндылықтарын айқындайтын Конституциялық принциптерінің болуы криминализацияны жақтаушылардың дәлелдерінің бірі болып табылады. Шымкент қаласының әкімдігі отбасылық тұрмыстық зорлықтың алдын-алу шараларын тоқсан сайын жеделдетіп, атқару жұмыстарын жүйелеп отыр. Осы қағидатқа сүйене отырып, олар адамға қарсы кез-келген заңсыз әрекеттер қылмыстық-құқықтық жауапкершілікке әкелуі керек деп санайды, сонымен қатар, ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру сияқты құрамдар Қылмыстық кодексте орын алуы керек деп есептейді. Көптеген ғалымдар бұл туралы әртүрлі ғылыми сайттардан, ғылыми жарияланымдардың беттерінен кеңінен мәлімдейді, ал басқалары, керісінше, бұл шамадан тыс криминализацияға әкеледі деп санайды. Көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстыру елеулі криминализацияға алып келеді, мұның нәтижесінде қандай да бір профилактикалық шараларды қолдану мүмкін болмай қалады, өйткені мұны ауыстырған жағдайда репрессиялық қатаң шаралар дереу басталады. Қылмыстық қудалауды жақтаушылар отбасылық зорлықзомбылықтың нысаны ретінде ұрып-соғуды, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді криминализациялау/ қылмыссыздандырудың келесі процесі туралы мәселені өзектендіруді эмпирикалық дәлелдерге негіздеп ұсынады. Әрине, кез-келген таным тікелей және жанама болып табылады, өйткені біз табиғи рефлексия процесін жоққа шығара алмаймыз және ол үшін ғылыми таным теориясына, иррационалды/рационалды, эмпирикалық/теориялық талдау мен синтезге жүгінуіміз керек. Осыған байланысты, осы зерттеудің міндеттері заңнама мен құқық қолдану практикасы жүйесінің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі қағидаттарын негізге ала отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті құқық қолдану практикасын, шетелдік тәжірибені, ғылыми ізденістерді зерделеу және неғұрлым ұтымды ұсыныстарды іздестіру арқылы қазіргі жағдайды объективті шешу болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын, атап айтқанда, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу сияқты жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстандыру қажеттілігі туралы сұрақтарға жауап іздеу болды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin