• 25 ноября, 2024 1:49 дп

Шымкент қаласы: Жастарға діни экстремизм туралы түсіндірілді

Автор:admin

Июл 9, 2024

Бүгінде елімізде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе  діни экстремизмнің зардабын жастар арасында насихаттау маңызды. Өздеріңіз білесіздер қазір жастарымыз діни сауаттылықтың жоқтығынан, түрлі ағымдардың арбауына түсуде. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы мәлім еткендей, террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу мақсатында Болашақ колледжінде студенттермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Жиынға М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушысы Сәкен Аралбайұлы қатысып, жастарға деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығы туралы ақпарат берді. Әлеуметтік желіде немесе көшеде діни теріс ағымды ұстанушылармен танысудың ақыры – адасушылыққа апарып соғатыны белгілі. Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемесінде де кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі және ғұламалар кеңесшісі Смайыл Сейтбеков, Шымкент қаласының орталық мешітінің найб имамы және жергілікті ақпарат насихат тобының мүшесі Қазыбек Сарыбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Рауан Қыпшақбаев пен Жол-көлік колледжінің жастары қатысты. Кеңесші Смайыл Сейітбековтың айтуынша, жастарға деструктивті ағым жайлы көбірек насихатталуы керек. Ол: « Жастар ресурстық орталығының бастамасын қолдаймын. Өйткені өсіп келе жатқан жастарымыз діни экстремизм мен терроризмнің не екенін, оның зардабы мен қасіретін білуі керек. Ал біздің тараптан осы тақырыпты жиі талқылап, жастарымызға толыққанды ақпарат беріп, алдын ала құлақтандыруымыз керек. Қазіргі жастардың көзі ашық. Олар өзіне қажетті ақпаратты ғаламтордан алады. Бірақ радикалды ағымды насихаттайтындардың көбісі жас тарымыз арқылы өз ағымын тықпалап, санасын улауға барынша тырысып бағуда»,-дейді. Кездесуде қатысушылар деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары, оны ұстанушылардың іс-әрекеттері мен қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдаланып жүрген жат ағымдағы діннен сақ болуға шақырды. Жастар ресурстық орталығының мамандары діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарын барынша нәтижелі өткізіп келеді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin