• 25 сентября, 2024 1:20 пп

Діни экстремиз мен терроризм – қоғамның ұлттық құндылығын жояды

Автор:admin

Июл 10, 2024

Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында түрлі жиындар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әкімдік әсіресе қала жастарының дін саласында сауатты болуға шақырады. Жалпы заманына қарай адамы демекші бүгінгі қоғамның жастарын бұрынғы жастармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда, адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастарымыз жалпыадамзаттық мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтардың да бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз тұлға толыққанды қалыптаса алмайды. Абай һәкімнің тілімен айтқанда «кемел адам» бола алмайды. Жас ұрпақты деструктивті діни ағымдардан сақтандырудың маңызы неде? Ең бірінші оларға қауіп-қатерлердің қайдан және неден келетінін түсіндіру қажет. Жастар деструктивті діни ағымның сана мен саулыққа кері әсер ететінін саналы түрде ұғынулары тиіс. Осындай дін атын жамылған ағымдарға қарсы жастар бойындағы иммунинет – ол діни, рухани-адамгершілік және моральдық ұғымдар. Халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ғасырлардан жеткен мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жастардың адастырмас темірқазығы болмақ. Осындай құндылықтар ғана жастарды, жасөспірімдерді теріс діни идеологиялардың құрсауынан құтқарады. Дін саласында арнайы діни білімнің болмауы, шала сауаттылық та деструктивті діни ағымның құрсауына, торына түсуге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Жат ағымдармен күресте тек күш қолдану тәсілі тиімді нәтиже бере бермейді, сондықтан бұл мәселеге қарсы идеологиялық күрес жүргізу ләзім. Яғни, діни сауаттылық қажет-ақ. Идеологияға қарсы идеология қою арқылы ағартушылық жолмен күресу қажет. Жастарға шынайы діни білім беріп, олардың білім көкжиегін кеңейту керек. Адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ дін мен мектептерді шебер байланыстыру нүктелерін дұрыс таба білу — бүгінгі заманда оң нәтиже берері сөзсіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — демекші, ауызбіршілік пен ынтымақта, қоғам мен дін қызметкерлері жастарды дұрыс тәрбиелеуде күш біріктіруі арқылы жастарды сақтай аламыз.   «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің негізгі мақсаты – дін саласындағы әртүрлі бағыттағы ақпарттық материалдар қорын жинақтау және дін мәселесі бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп жатқан жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Ұлттық құндылықтарға негізделген танымдарын кеңейту үшін барынша жағдай жасау, деструктивті діни ағымдар мен дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түскен жастармен жекелей жұмыс істеп, оларға теологиялық, құқықтық және психологиялық көмек көрсету. Елімізде дін мәселесі күрделіленіп тұрған уақытта мемлекетіміздің діни саясатын нығайтып, халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы қалыптасқан діні және басқа да әлемдік діндердің тарихы мен рухани құндылықтарынан жастарды хабардар етіп, олардың санасында басқа сенімдерге деген құрмет пен төзімділікті қалыптастыру да осы біздің басты міндеттеріміздің бірі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin