• 25 ноября, 2024 9:57 пп

Әділеттілік, теңдік және заң мен тәртіп қағидасы

Автор:admin

Июл 15, 2024

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өткен болатын. Президент: «Әділетті  Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деп атап айтқан болатын. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Бұл туралы Президент тағы да еске салды. Ал шырайлы Шымкент қаласында бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Толығырақ осы аналитикалық мақаламыздан оқып білуіңізге болады. Жалпы Шымкент қаласында бұл бағыттар атқарылып жатқан кешенді жұмыстар аз емес. Себебі мемлекет басшысының әрбір Жолдаулары мен реформалары біздің шаөарымызды айналып өтпейтіні сөзсіз. Бұл бағытта Шымкент қаласының әкімдігі мен құзырлы мемлекеттік органдардың құқықтық реттеу салалары бойынша оң өзгерістерді байқауымызға болады. Атап айтқанда, қала аумағында тіркелген ұрлықтардың жалпы саны 12,0 пайызға төмендеп, ашылымы 16,5 пайызға артты. Оның ішінде пәтер ұрлығы қылмыстарының саны 7,4 пайызға азайып отыр. Интернет-алаяқтық бойынша 148 қылмыстық іс тіркеліп, оның 21-і сотқа жолданған, қалаған іс тергеуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан 2 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады.  Қоғам дертіне айналған есірткі қылмысы бойынша өткен жылы 350 құқық бұзушылық жайты анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, 24 күдіктіден құралған 5 қылмыстық топ құрықталды. Осыған байланысты Осы жылы заңсыз айналымнан 90 келіге жуық есірткі заттары тәркіленгенін атап өткеніміз дұрыс. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен енгізілген сервистік полиция моделінің міндеттері де қаламызда қарқынды даму үстінде.   Әділеттілік, теңдік және заңның үстемдігі туралы мәселенің тарихын қарастыратын болсақ, оның бастауы ежелгі кезеңмен, Антика дәуірімен тұспа-тұс келеді. Бұл мәселенің тарихы бай болғанымен, өзектілігі әлі де жойылған жоқ. Адамзаттың тарихи дамуының әр кезеңінде заң мен әділеттіліктің байланысы туралы сұраққа өз жауабы болды. Бірақ барлық дерлік елдер мен мәдениеттерге тән бір жалпы түсінік бар, оны келесідей тұжырымдауға болады: «Заң – бұл мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі». Бұл ұстаным жаңа емес, ол Қазақстанда ұзақ уақыт бойы іске асырылып келеді. Осы жылғыбірінші жарты жылдықтың құқықтық статистикасына соңғы 5 жылда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 32%-ға төмендегенін көрсетеді. Мысалы, егер өткен бес жылдықта 190 мың қылмыс тіркелген болса, осы жылы бұл көрсеткіш 104 мыңды құрады. Ауырлығы орташа қылмыстар саны – 137 мыңнан осы жылғы бірінші жарты жылдықта 51 мыңға дейін төмендеді. Көріп отырғанымыздай, елде құқықтық тәртіпті орнату саясаты дәйекті түрде жүзеге асырылып жатыр. Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелген барлық әлеуметтік қатынастардың ортақ белгісі болады. Бұл ретте заңның сақталуы жауапкершілікті қабылдауды да білдіреді. Құқықтық статистика деректері бойынша 7,79 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл 4,65 млн-нан әлдеқайда артық. Бұдан шығатын қорытынды: азаматтар жанжалдарды заңға сүйене отырып, барлық заңды және ресми арналар арқылы құқық қорғау органдарына жүгіну арқылы құқықтық әдістермен шешуді жөн көреді. Мұндай жағдайды азаматтардың құқықтық мәдениетінің өсуі деп түсінуге болады. Бұл – мемлекет пен қоғамның дамуының оң көрсеткіші. Заң жүзінде Қазақстан  Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»,-делінген.  Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Билік пен қоғамның әріптестігі Әділетті Қазақстанды құру ісінде айрықша рөл атқаруға тиіс.  Осы орайда, референдум жаңа қоғамдық мәміленің негізін қалыптастырды. Біз ұлтты ұйыстыратын парасатты, тың идеялар мен ұсыныстарға айрықша мән беруіміз қажет.  Бұл – Ұлттық құрылтайдың ең басты міндеті. Сондықтан, мынадай бағыттарға назар аудару қажет деп ойлаймын. Біз орнықты демократиялық институттар құрамыз десек, саяси жауапкершілік мәдениетін дамытуымыз қажет. Шын мәнінде, нағыз отаншылдық қасиетті қалыптастыруға тиіспіз. Сонда радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоямыз. Демократия дегеніміз – керемет өмір туралы жалпылама ұғым, түсінік емес. Бұл – күнделікті тынымсыз еңбекті талап ететін өркениетті өмір салты.  Атаққұмарлар мен алаяқтардың жалаң ұраны мен құрғақ уәдесіне алданбау қажет. Еліміздің болашағы үшін аса маңызды мәселелерді дау-дамаймен емес, ұтымды ой-пікірмен, парасатты пайыммен және саналы көзқараспен шешкеніміз абзал.  Біз «түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануымыз қажет. Бір-біріміздің ой-пікірімізді тыңдап, құрметтей білсек, алға қадам басамыз. Біз демократиялық реформа жасаймыз деп, мемлекетті әлсіретуге еш жол бермеуіміз керек. Қорыта айтқанда біздің мемлекетіміз зайырлы мемлекет болып табылады. Мемлекетіміздің зайырлы сипаты қоғам мүшелерінің заңдар мен құқықтық нормаларды қатаң сақталуын және өз қызметтерін осы құқықтық, заңнамалық шеңберде жүзеге асырылуын көздейді. Осы негізде зайырлылық – мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры болып табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin