• 27 ноября, 2024 4:17 дп

Ағымдағы жылдың I-тоқсанында iKomek орталығына қала тұрғындарынан 2318 арыз-шағымдар келіп түсті. Оның 2221-і орындалып, 97 арыз-шағым қаралуда. Себебі зерделеу жұмыстарын қажет етуде.

Әлеуметтік-желілерден (Instagram, Facebook, Telegram, YouTube) келіп түскен сұрақтар мен өтініштер саны 247 құрап отыр. Бүгінгі таңда, барлық сұрақтар мен өтініштерге тиісті жауап ұсынылды. Қала тұрғындарының негізгі көтеретін мәселелері:
— Аяқ жол орнату;
— Бағдаршамдар уақытын созу;
— Аялдама орнату;
— Шұңқырларды жамау және асфальттау;
— Қоғамдық көліктің жүру сызбасын оңтайландыру.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы
Басқармаға жалпы саны 121 хаттамалық тапсырма келіп түсті. Оның 37-сі орындалып, 1-і шешімін таппауда. Ол Әл-Фараби көшесіне шығатын балама жол қарастыру мәселесі. Әл-Фараби көшесі 7-10 метр төменде орналасқандықтан Шатыркөл, Назқоңыр және №3 көшелермен байланыстыру мәселесіне зерделеу жүргізілді.
2 жолы бар:
1) Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 8 ай уақыт қажет. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ІІ жартысында басталып, 2024 жылдың ІІ жартысында аяқталады.
2) Нұршуақ ш/а А-2 автожолына қосылатын Жас Отау көшесінің еңістігін төмендету қажет.
Алайда, А-2 автожолын жағалай 500-дік газ құбыры орналасқан. «КазТрансГазАймақ» ЖШС-і түсіріп берген жағдайда смета әзірленеді.
2022 жылдың жоспарына енгізіп, 2023 жылы құрылысты аяқталады.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

Автор: admin