• 24 ноября, 2024 6:28 дп

Бюджеттің толықтығы – қаржы саласының дамуы

Автор:admin

Июл 11, 2024

Түркістан облысында бюджетті толтыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Оның бірі өңірімізге инвестициялық жобаларды тарту, ауылшаруашылығын дамыту, Президентіміздің Жолдауларын бағыттар бойынша орындап, қазынаны тиімді пайдалану. Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет. Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістін, даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет, Дүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса коп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың-зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген. Реалистік қағидаты-параметрлердің экономиканың ағымдағы жай күйінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin