• 21 сентября, 2024 6:39 дп

Бюджет кірістерінің қалыптасуы

Автор:admin

Июл 18, 2024

Түркістан облысында бюджет кірістерінің артуы байқалады. Олай айтуымызға себеп бар, аймаққа салынып жатқан инвестициялық жобалар саны былтырғыға қарағанда бірнеше есе көбейген.  Со секілді (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезендегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетіңде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген. Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткенi көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin