• 22 сентября, 2024 3:26 пп

Бюджетті экономикалық-индустриалды басқару тетігі

Автор:admin

Июл 19, 2024

Мемлекетті бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар сияқты мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Түркістан облысында мемлекеттік қаржыны тиімді нысаналы бағытта жұмсау үдерістері – бюджеттің әлеуметтік негізін құрайды. Бюджетті экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарлатуға, қоғам мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттары көбінесе әлеуметтік- экономика салаларына бағытталған. “Жаңа индустрияландыру” президент бағдарламасының басым бағдарлары: Агроөнеркәсіптік кешені; Кен өндіру саласындағы техникалық қызмет; Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз жасау; Құрылыс материалдары мен басқа да металл емес минерал өнімдерін шығару; Металлургия, металл өндеу және мәшине жасау; Өнеркәсіптің басқа да секторлары; Көлік және жүк қоймасы; Ақпарат және байланыс; Кәсіптік, ғылыми және техникалық іс-қимыл; Білім беру; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет; Өнер, ойын-сауық және тынығу; Басқа да қызмет түрлерін ұсыну. Бағдарламаның мақсаты: -біріншіден, ол индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыруға қызмет жасайды. -екіншіден, жеке сектордың, бірінші кезекте банктердің қаржыларын экономиканың шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тартатын болады. -үшіншіден, жеке сектордың, бірінші кезекте, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыруға көмектеседі. Мемлекеттік бюджет қаржысынан экономикалық маңызды инвестициялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 5 батыл қадам жоспары бойынша белгіленген іс-қимыл, бұл: 1.Қаржы секторын  тұрақтандыру; 2.Жылжымайтын  мүлік рыногы проблемаларын шешу; 3.Шағын және  орта бизнесті қолдау; 4.Агроөнеркәсіп кешенін дамыту; 5.Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобаларды жүзеге асыру болып  табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin