• 24 ноября, 2024 11:53 пп

Қәзіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік қызметтің көп түрлерінің дамуы

Автор:admin

Июл 9, 2024

Түркістан облысында қаржы саясатын қалыптастыру бағыты мемлекеттік меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен сипатталады. Осының негізінде қағидалы қаржы механизмі қалыптасуды. Мемлекет кәсіпорыннның ішкі шаруашылық қатынастарына араласпайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады: Қаржы ресурстарының максималды түрде қалыптасуын қамтамасыз ету. Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз ету Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен ынталандыруды ұйымдастыру Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау мен дамыту қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.  Мемлекеттің қаржы саясаты қалыптастырудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:Қаржы ресурстарын бөлістіруде қоғамдық өндірістің барлық мүшелері қатынасуы тиіс (әлеуметтік, ұлттық,   пен субъектлер арасында қаржы тиімді түтүрде бөлістірілуі тиіс Қаржы ресурстарының кіріс бөлігі шығыс бөлігін жабуы тиіс. Қаржы ресурстарының түсімдерінің жоспарын ұйымдастыру қажет. Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар — бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтердісатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin