Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексіне сәйкес: Мемлекеттік бюджеттің кірістері-бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер, алынған трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар. Түркістан облысында бюджеттік алымдардан алынған кірістердің саны жыл сайын оң нәтижиеге өзгеріп отыр. Жалпы мелекеттік бюджет кірістерінің құрылымы: -салықтық түсімдер; -салықтық емес түсімдер; -негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; -трансферттер түсімдері. Салықтық түсімдер- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Салықтық емес түсімдер- Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген республикалық, жергілікті бюджеттерге төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негіжзде берілетін ақша. Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; мемлекеттік материалдық резервтен тауарларжы сатудан түсетін ақша; мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсіл арқылы өткізуден түсетін ақша; мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша. Трансферттер түсімдері-бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері
Jsk ақпараттық агенттігі