• 26 ноября, 2024 6:45 дп

Бюджеттің балансы – мемлекеттің ақшалай түсімдері

Автор:admin

Июл 12, 2024

Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Түркістан облысында бюджетті баланстау, яғни кіріс пен шығысты тең дәрежеде ұстап отыру өте маңызды. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік  борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда  бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды. Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты: -елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы; -қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі; -айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару; -бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы; -әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы; -«көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы; -ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз щығыстар мен ысыраптар. Бюджет тапшылығын төмендету әдістері: -шығыстар тұрақты, кірістер өседі; -кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды; -кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді). -тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: -Ақша белгілерін шығару; -Мемлекеттік қарыздар; -Шетелдік қарыздар; -Ұлттық байлықты пайдалану.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin