• 25 ноября, 2024 2:35 пп

Бюджеттің кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға бағытталған бағдарламаларды білеміз бе?

Автор:admin

Июл 14, 2024

Түркістан облысында бюджетті нақтылап, оның кірістерін көбейтуге бағытталған арнайы қаржылық бағдарламалар жұмыс істейді, соның есебінен өңірге қаржылық жобалар тартылып, аймақтың экономикалық өсуіне өз септігін тигізуде. Тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергіліктi атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып тусуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin