• 25 сентября, 2024 5:17 пп

Қаржылық нәтижелер есебі дегеніміз не?

Автор:admin

Июл 11, 2024

Жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін қаржылық нәтижиелер есебі көрсетеді. Кейбір экономистер оны экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы тиімділігіне жатқызады. Бұл орайда Түркістан облысында қаржылық нәтижиелерді инвестициялық жобалар арқылы байқауымызға болады. Қазіргі нарықтық заманға сай қаржылық нәтижелер есебінің маңызы өте зор. Қаржылық нәтижелер есебі, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты қаржылық нәтижелер есебі болып табылады. Қаржылық нәтижелер есебінің көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамассыз етеді. Қаржылық нәтижелер есебі бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан қаржылық нәтижелер есебі, өндірістік және қаржы қызметінің маңызды көрсеткіші болып есептеледі. Нарықтық экономикада қаржылық нәтижелер есебі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын. Қаржылық нәтижелер есебі өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет. Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек. Қаржылық нәтижелер есебінің бөлу механизмі белсенді орынды алуы тиіс және өндірістің дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор қызметін атқарады. Қаржылық нәтижелер есебін тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық рычагтар жүйесінде ғана мүмкін. Қаржылық нәтижелер есебі көлемі кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тімділігі емес, экономикалық тиімділік көрсеткішіне жатады. Қаржылық нәтижелер есебінің деңгейін және кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын кәсіпорынның табыс көрсеткішінің дамуына шаруашылық субъектісі сияқты мемлекет те көңіл бөледі. Сондықтан әр кәсіпорында нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштеріне жүйелік талдау жүргізу өте қажет.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin