• 25 ноября, 2024 4:27 пп

Қаржының ақшадан айырмашылығы бар

Автор:admin

Июл 8, 2024

Түркістан облысының тұрғындары қаржының ақшадан айырмашылығы бар екенін біледі ме? Олай болса, назарыңызды осы мақалаға аударуыңызды өтінеміз. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы мен экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдерді әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының қаржы нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді. Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлект өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin