• 12 ноября, 2024 1:29 дп

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты.

Автор:admin

Июл 23, 2024

Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгілеген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын болса, қаржылық бөлу бұл түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұлпроцестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құннан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады. Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі. Ұлттық татысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі болады. Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндедегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады. Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен – банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin