• 18 октября, 2024 8:36 дп

Макроэкономикалық даму жағдайындағы мемлекеттік қаржының қызметтері және рөлі

Автор:admin

Июл 26, 2024

Мемлекет қаржысыз өмір сүре алмайды. Мемлект өз функцияларын жүзеге асыру үшін, әр түрлі әлеуметтік топтарды, халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру және жүзеге асыру үшін кең көлемде қаржылық ресурстарды қажетсінеді және қаржы ағымдарын іздестірудің көптеген бағыттарын қарыстырады, саясат жүргізеді. Мемлекет тарапынан экономикалық процерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады. Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін-өзі реттеу мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарына қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің саналуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ( ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін,сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттік қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады. Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады: Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті түдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin