• 18 октября, 2024 5:18 дп

Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты.

Автор:admin

Июл 26, 2024

Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістері өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгілеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтеркөрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады. Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық саясатын реттелініп отырғанда тұйық, айналмалы заңдылық байқалынып отырады: шаруашылық механизм, өз кезегінде, ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін тиісті сандық және сапалық және сапалық тұлғалауда (нысанда) жаңғыртуға көмектеседі. Бұл диалектикалық заңдылық, диалектикалық бұралым түрінде өспелі қағидат бойынша іс-әрекет етеді. Сондықтан ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы сачясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық  шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.б. өндірістік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді, жағымсыз құбылыстар қолданылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай ситуацияның объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin