• 25 ноября, 2024 6:26 пп

Мемлекетті экономикалық мемлекетсіздендіру – реформаларды жүзеге асыратын күре жол!

Автор:admin

Июл 15, 2024

Қазақстандағы экономикалық реформалардың жүруі әлеуметтік шаруашылық процесстер динамикасында барлық арсеналдарды қолдана отырып, мемлекет активті роль атқаруы керек. Осы мәселелердің шешімі экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржы-несиелі механизмі және жоспарларды өңдеу болып табылатын негізгі аспаптарымен мемлекеттік басқаруға жүктеледі. Соңғы он жылда экономиканы мемлекеттік басқарудың тұрақты механизмдерінің құлауы теориялық және практикалық түрде олардың жаңа модельдеріне осы механизмдердің трансформацияларының эвалюцияларына қарама-қарсылығы көрінген. Осындай тоқырау жағдайда мемлекеттік реттеудің қаржылық-несиелі механизмдерін және стратегиялық жоспарларды өңдеуде басты болып табылатын аспаптарды ел экономикасын дамытуда мемлекеттің араласуы күшейе түседі. Ең алдымен ғылыми зерттеу және дүние жүзілік тәжірибелерді жалпылау және әртүрлі шаруашылық жүйелердің дамуы экономикалық процестерді жылдамдату құралы сияқты жоспарлауды активті түрде қолдану мен технико-экономикалық қатынаста дамығандар санына тез енген елдермен куәландырылады. Оны Қазақстан жағдайында қолдану қызығушылығы халық шаруашылығын басқару органдарының жүйелерінде жалпы статусы бар стратегиялық жоспарлар бойынша агенттік- салалық және регионалдық жоспарлаудың координациясы бойынша арнайы мемлекеттік орган құруына қажеттіліқ тудырады. Жалпы практикада экономиканы мемлекеттік реттеудің рычагы болып экономикалық жоспарлау болуы мүмкін, егер,  ол бюджетті-қаржылық жоспарлаумен бірге енгізілсе. Өзінің реттеуші функциясы ретінде әкімшілік және экономикалық әдістерді орындайды. Командалық экономикаға әкімшілік игеру сипатты болады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі керісінше экономикалық әдістерді реттеуге базаланады. Әкімшілік және тура реттеу әдістері шаруашылықты субъектінің еркін таңдауын шектейді. Мысалы, өндірілген өнімнің ассортименті және көлемі бойынша берілген директивті жоспарлық тапсырма немесе жоспарлы экономикада әкімшілік реттеу әдісі- тауар және қызмет көрсетуге орталықты белгіленген баға- ресурстарды альтернативті қолдануға мүмкіндік бермейді. Мұның ерекшелігі мемлекеттік реттеудің экономикалық және жанама әдістері кәсіпкерлік тңдау еркіндігін шектемейді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin