• 25 ноября, 2024 5:36 пп

Жекешелендіруді жеделдетудің пайдасы

Автор:admin

Июл 2, 2024

Өткен ғасырдағы ортақ меншік, жалпыға бірдей игіліктің дәуірі өтті. Нарық қағидасында әрбір азамат алпауыт компаниядан шағын цехқа дейін дербес иелік ете алады. Тіпті, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет меншігінде болған нысандар жеке адамның иелігіне көшіп, экономиканың жаңа белесі басталғаны бар. Бүгінде бұл үрдіс жаңа сипатқа еніп, қойылатын талап түрленген. Көбісі жекешелендіру үрдісі өткен ғасырдың соңындағы өзгеріс деп түсінетіні жасырын емес. Алайда аталған қазір де саяси шешім жалғасуда. Мәселен, мемлекет бірнеше жыл көлемінде жекешелендірудің жаңа толқынын бастап, стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар нысандарға дейін жекені меншігіне беруді көздеп отыр. Мұның тиімді-тиімсіз тұсы туралы талқы көп, алайда экономикалық пайдасына ешкім шек келтіре алмайды. Мәселе – құнда. Яғни, нысанның нарықтық бағасында. Алаң да осы тұста туып отыр. Себебі, 90-жылдардың бас кезінде көптеген балабақша, мектеп, әлеуметтік нысандар азғантай қаржыға жекенің қолына өтті. Ақшасы бар қос қостан кәсіпорын алып, бір сәтте табысты адамға айналып шыққан оқиғалардың куәсі де болдық. Қаншама қаңыраған балабақша, мәдениет үйі, кітапхана бір-ақ сәтте сәулетті мейрамхана мен тойханаға айналып шыға келді. Әрине, сол кездегі үкімет тәжірибенің аздығы, халықтың сатып алу әлеуетін де ескерген болар, салаға аса маңызды талап қоймады. Кейін бейберекет қолды болған нысандарды миллиондаған қаржыға кері сатып алды. Мұндай қателік қайталанбас үшін жекешеленді­рудің жаңа толқынында талап пен құн ерекше бақылауға алынған.
Сонымен, жекешелендірудің жаңа толқыны жүруде. Тиісті министрлік «2021–2025 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесін» жекенің меншігіне өтуі ықтимал нысандар тізімін жариялаған болатын.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin